2025 жылдың сәуір айында 9-10 сынып оқушылары арасында өткен «ХХІ ғасырдың ең қажетті мамандығы» атты мектепішілік пікірсайыс турнирі оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, оларды қазіргі қоғамның сұраныстарына сай мамандықтарды таңдауға ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды. Турнир барысында қатысушылар ХХІ ғасырдағы еңбек нарығының ерекшеліктері, технологиялық өзгерістер мен жаңа мамандықтардың пайда болуы туралы пікірлерін ортаға салды.