Хабарландыру!

Вакансиялар

Ақтөбе қаласы «№27 орта мектеп лицейі» КММ педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығының 3-тарауы,113-тармағы) көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін негізге ала отырып педагогті жұмысқа қабылдау электронды модуль: https://hr-nobd.edu.kz түрде жолдай алады.

  1. Негізгі функционалдық міндеттері:
    1.1 ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022 ж. №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау, 7-параграф, 64 тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылған талаптарына сүйене отырып:
    •мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
    •білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
    •білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе “учитель/мұғалім” тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
    •білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
    •пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды; тоқсан бойынша жиынтық өткізу қорытындысы бойынша талдау жүргізеді;
    •журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
    оқу үдерісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
    Педагог қызметіне enbek.kz сайтынан, hr – nobd. edu.kz модулінен, мектептің инстаграм «school_number_27» парақшасынан көруге болады.

Конкурсқа жарияланған бос орын:
✅ Логопед – 1 бірлік жүктеме (тұрақты)
Еңбек ақы төлеу мөлшері:130 000 (жүз отыз мың теңге)
(еңбек өтілі мен санатына байланысты)
✅ Дефектолог – 1 бірлік жүктеме (тұрақты)
Еңбек ақы төлеу мөлшері:130 000 (жүз отыз мың теңге)
(еңбек өтілі мен санатына байланысты)
✅ Педагог-ассистент – 2 бірлік жүктеме (орыс сыныбына)
Еңбек ақы төлеу мөлшері:120 000 (жүз жиырма мың теңге)
✅ Математика пәні мұғалімі – 1 бірлік жүктеме (тұрақты, орыс сыныбына)
Еңбек ақы төлеу мөлшері:155 000 (жүз елу бес мың теңге)
(еңбек өтілі мен санатына байланысты)
✅ Биология пәні мұғалімі – 8 сағат жүктеме (уақытша, орыс сыныбына)
Еңбек ақы төлеу мөлшері:155 000 (жүз елу бес мың теңге)
(еңбек өтілі мен санатына байланысты)
Мектептегі бос лауазымдар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайты арқылы білуге болады;

  • Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
  • Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 113-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:
    ☑️ Қажетті құжаттар тізбесі:
  1. Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  1. “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы
    № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  2. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
  3. Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
  4. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданылыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік ( бар болса);;
  5. осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  6. жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) , оқу орнынан ұсыным хат.
    ✅ Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.12.2025 –13.01.2026 ж. сағ. 09.00–18.00 аралығында жүргізіледі.
    📅 Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы – бес жұмыс күні аралығында өткізіледі.
    🏫 Өтетін орны: Ақтөбе қаласы «№27 орта мектеп лицейі» КММ (Ағ.Жұбанов 273А)
"№27 орта мектеп-лицейі" КММ