Ақтөбе қаласы «№27 орта мектеп лицейі» КММ педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығының 3-тарауы,113-тармағы) көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін негізге ала отырып педагогті жұмысқа қабылдау электронды модуль: https://hr-nobd.edu.kz түрде жолдай алады.
- Негізгі функционалдық міндеттері:
1.1 ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022 ж. №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарау, 7-параграф, 64 тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылған талаптарына сүйене отырып:
•мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
•білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
•білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе “учитель/мұғалім” тікелей қарым-қатынас арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
•білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады;
•журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
оқу үдерісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады;
Педагог қызметіне enbek.kz сайтынан, hr – nobd. edu.kz модулінен, мектептің инстаграм «school_number_27» парақшасынан көруге болады.
Конкурсқа жарияланған бос орын:
✅ Математика пәні мұғалімі – 1 бірлік жүктеме (тұрақты)
Еңбек ақы төлеу мөлшері:155000 (жүз елу бес мың теңге)
(еңбек өтілі мен санатына байланысты)
✅ Қосымша білім беру мұғалімі – 1 бірлік жүктеме (тұрақты)
Еңбек ақы төлеу мөлшері:120000 (жүз жиырма мың теңге)
(еңбек өтілі мен санатына байланысты)
✅ Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 0,75 бірлік жүктеме (тұрақты)
Еңбек ақы төлеу мөлшері:120000 (жүз жиырма мың теңге)
(еңбек өтілі мен санатына байланысты)
✅ Жаһандық құзыреттілік пәні мұғалімі – 0,5 бірлік жүктеме (тұрақты)
Еңбек ақы төлеу мөлшері:80000 (сексен мың теңге)
(еңбек өтілі мен санатына байланысты)
Мектептегі бос лауазымдар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайты арқылы білуге болады;
- Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі;
- Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 113-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:
☑️ Қажетті құжаттар тізбесі:
- Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы
№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама; - Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- Наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданылыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік ( бар болса);
- осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
- жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) , оқу орнынан ұсыным хат.
✅ Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.01 –09.02.2026ж. сағ. 09.00–18.00 аралығында жүргізіледі.
📅 Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы – бес жұмыс күні аралығында өткізіледі.
🏫 Өтетін орны: Ақтөбе қаласы «№27 орта мектеп лицейі» КММ (Ағ.Жұбанов 273А)
