Хабарландыру 28.07.2026

Вакансиялар

Ақтөбе қаласы «№27 орта мектеп-лицейі» КММ педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдайды.

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығының 3-тарауы, 113-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тізбесін негізге ала отырып, педагогті жұмысқа қабылдау құжаттары электронды модуль https://hr-nobd.edu.kz арқылы жолданады.

  1. Негізгі функционалдық міндеттері:

1.1. ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022 ж. №121) бекітілген педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3-тарауы, 7-параграфы, 64-тармағында барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылған талаптарына сәйкес:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
  • білім алушыда педагогқа құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтың аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас немесе «учитель/мұғалім» деп тікелей қарым-қатынас жасау арқылы іскерлік стиль мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді;
  • білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандары мен әдістерін қолданады;
  • пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлейді, тоқсан қорытындысына талдау жүргізеді;
  • журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады;
  • оқу үдерісінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады, қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және АКТ қосымшаларын пайдаланады.

Педагог қызметіне enbek.kz сайтынан, hr-nobd.edu.kz модулінен және мектептің Instagram парақшасы @school_number_27 арқылы танысуға болады.

Конкурсқа жарияланған бос орындар:

  1. Математика пәні мұғалімі – 16 сағат, орыс тілінде оқыту, тұрақты, 170 000 теңге.
  2. Математика пәні мұғалімі – 16 сағат, орыс тілінде оқыту, тұрақты, 170 000 теңге.
  3. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 16 сағат, орыс тілінде оқыту, тұрақты, 170 000 теңге.
  4. Химия пәні мұғалімі – 16 сағат, орыс тілінде оқыту, тұрақты, 170 000 теңге.
  5. Педагог-психолог – 1 штат бірлігі, аралас (қазақ-орыс), тұрақты, 130 000 теңге.
  6. Педагог-психолог (ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылармен жұмыс жүргізуші) – 1 штат бірлігі, аралас (қазақ-орыс), тұрақты, 130 000 теңге.
  7. Педагог-логопед – 1 штат бірлігі, аралас (қазақ-орыс), тұрақты, 130 000 теңге.
  8. Педагог-дефектолог – 1 штат бірлігі, аралас (қазақ-орыс), тұрақты, 130 000 теңге.
  9. Биология пәні мұғалімі – 16 сағат, орыс тілінде оқыту, уақытша (декреттік демалыс орны), 170 000 теңге.
  10. Бастауыш сынып мұғалімі – 16 сағат, орыс тілінде оқыту, тұрақты, 150 000 теңге.

Мектептегі бос лауазымдар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталығының enbek.kz сайты арқылы білуге болады.

  • Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
  • Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам Қағиданың 113-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады.

Қажетті құжаттар тізбесі:

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш.
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат.
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (бар болса).
  4. Лауазымға қойылатын талаптарға сәйкес білімі туралы құжаттың көшірмесі.
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса).
  6. 075/у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама.
  7. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтар бойынша динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама.
  8. Наркологиялық есепте тұрмайтыны туралы анықтама.
  9. Сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санаты туралы куәлік (бар болса).
  10. Осы Қағидалардың 12, 13-қосымшаларына сәйкес толтырылған бағалау парағы.
  11. Жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28 шілде – 5 тамыз 2026ж.

Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы – 5 жұмыс күні ішінде өткізіледі.

Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Ә. Жұбанов көшесі, 273А, «№27 орта мектеп-лицейі» КММ.

    "№27 орта мектеп-лицейі" КММ