№27 орта мектеп-лицейі 2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығын негізге ала отырып, қажетті мамандарға конурс жариялайды.
Қажетті маман:
✓ Қосымша білім беру педагогы — 1 бірлік (қазақ,орыс тілінде), тұрақты
📝Құжаттарды қабылдау 07.02..2025- 18.02.2025 аралығында өткізіледі.
Мамандарды қабылдау комиссиясының отырысы 18.02.2025 өткізіледі.
✅Өтетін орны: №27 орта мектеп-лицейі, Ағ.Жұбановтар көшесі №273А
📧Эл.почта: 27-mektep@aktgoroo.kz
Конкурсқа қатысатын педагогтарға қажетті құжаттар тізімі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш (15-қосымшаға сәйкес);
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген);
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).