Хабарлама

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «№27 орта мектеп лицейі» КММ 2025-2026 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды. Қабылдау мерзімі: 09.09 – 29.09.2025 ж.
«№27 орта мектеп лицейі» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы Ағ.Жұбановтар көшесі 273 А мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: email: aktschool-27@yandex.kz,¬ байланыс телефоны: 87132 730348

Қамқоршылық кеңес – заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган.

Қамқоршылық кеңестің мақсаты:

  1. білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
  2. білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагог ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
  3. білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
  4. білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары:

  1. әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;
  2. тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;
  3. халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
  4. білім беру ұйымы жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

Қамқоршылық кеңестің міндеттері:

  • Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
  • Білім беру ұйымына педагог қызметкерлерінің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
  • Білім беру мекемесіне педагог және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
  • Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
  • Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу;
  • Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

Өтініш.pdf

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ