Гүлдер фестивалі

Іс-шаралар

🌸💐 Әсемдік пен шығармашылық тоғысқан мерекелі күн! 💐🌸
Қаламыздағы білім беру ұйымдарының арасында өткен «Гүлдер фестивалі» табиғат сұлулығын, шығармашылық ізденісті және ұжымдық еңбекті насихаттаған ерекше шара болды. 🌿🌺
Фестиваль барысында әр білім беру ұйымы өздерінің ерекше идеясын ұсынып, гүлдер әлемін ұлттық нақышпен үйлестіре отырып, шығармашылық жұмыстарын таныстырды. 🌷✨
Осы көркем байқауға №27 орта мектеп-лицейінің ұжымы да белсене қатысып, өздерінің бірлігін, шеберлігін және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Нәтижесінде мектебіміздің ұжымы жүлделі ІІ орынға 🥈 ие болды! 🎉👏🏻

Бұл жеңіс — әріптестеріміздің тынымсыз еңбегі мен ұйымшылдығының, ортақ іске деген жауапкершілігі мен шығармашылық ізденісінің жемісі. ❤️

🌺 Гүлдей жайнаған еңбегіміз жемісті болып, жеңістеріміз еселене берсін!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ