Ғажайып ел-кітапхана

Кітапхана іс-шарасы

Бірінші сынып оқушыларының мектеп кітапханасына дәстүрлі «Ғажайып ел-кітапхана» (кітапханамен таныстыру) экскурсиясы.
Мақсаты: Кітапханамен таныстыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Балалар кітап әлеміне қызықты саяхат жасады: олар кітапхананы пайдаланудың негізгі ережелерін, кітап және оқулықтармен қалай жұмыс істеу керектігін және олардың не үшін қолданылатынын білді. Түрлі-түсті безендірілген «Қызықты кітаптар ғаламы» атты кітап көрмесіне ерекше назар аударылды. Балалар кітапты дұрыс таңдауды да үйренді. Сан алуан кітаптардың ішінен таңдалған кітапты оқырман бланкісінде тіркелгеннен кейін ғана алуға болады. Оқылғаннан кейін кітап белгіленген мерзімде, бүтін және жақсы күйде қайтарылуы керек.
Экскурсия соңында барлық балалар тәртіпті әрі ұқыпты оқырман болуға және кітап қазынасы патшалығына жиі келуге уәде берді.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ