№27 орта мектеп-лицейінің кітапханасында Космонавтика күніне орай 1Б сынып оқушылары үшін «Ғарышқа саяхат» атты тәрбие сағаты өтті.
Шара күн жүйесіндегі планеталар туралы түрлі-түсті презентациямен сүйемелденді. Кітапханашы балаларға алғашқы ғарышкерлер — Лайка, Белка, Стрелка иттері туралы, сондай-ақ Юрий Гагариннің ұшуы және тұңғыш қазақ ғарышкерлері туралы айтып берді. Іс-шарада балалар ғарыш және космонавтика туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді білді. Олар ғарышқа байланысты сұрақтарға жауап беруді, жұлдызды жұмбақтарды шешуді, жұмбақтарды құрастыруды ұнатты.
Қорытындылай келе, балалар «Ғарыштық қашықтық» кітап көрмесіне қойылған кітаптар мен журналдармен танысты.
