«Балалар кітапханасы» бағдарламасын жүзеге асыру аясында №27 орта мектеп – лицей кітапханасында қазақ ұшқыш-ғарышкері, авиация генерал-лейтенанты,Қазақстан Батыры, мемлекет және қоғам қайраткері – Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай 6 «Б» сынып оқушыларымен «Ғарыш миссиясы» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Қазақтың даңқты ғарышкері, халық қаһарманы Талғат Мұсабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жас ұрпақтың ғылымға, ғарыш саласына деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кітапханашы балаларға Талғат Мұсабаевтың тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш ғарышкер екенін айтып, «Талғат Мұсабаев – ғарышты бағындырушы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Т.Мұсабаев туралы бейнеролик көрсетілді. Балалар оның ғарышқа ұшуы, сонымен бірге Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының ғарышқа жеткізілуі, Қазақстандағы космонавтиканың дамуына қосқан үлесі туралы білді.
Шара соңында Талғат Мұсабаевтың ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпаққа үлгі екені айтылды.
