Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасауды ұйымдастыру мақсатында директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Л.К. Князбаева ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс жасайтын педагог-ассистенттермен, сондай-ақ дуалды оқыту бағдарламасы аясында келген психолог пен логопедтің қатысуымен жұмыс жиналысын өткізді.
Жиын барысында ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, түзету-дамыту жұмыстарының мазмұны, мамандар арасындағы өзара ынтымақтастық және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша ұсыныстар беріліп, педагог-ассистенттер мен мамандарға нақты міндеттер жүктелді.
