Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі

Салауатты өмір салтын насихаттау

Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында мектеп медбикесі түсіндірме жұмысын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

🍏 Кездесу барысында оқушыларға дәрумендерге бай тағамдардың пайдасы, күнделікті тамақтану тәртібін сақтау, жеміс-жидектер мен көкөністерді тұтынудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.

💚 Дұрыс тамақтану – денсаулықтың негізі, жарқын болашақтың кепілі!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ