Мектебімізде оқушылар үшін ерекше әрі мазмұнды кездесу өтті. Қонақ ретінде “Диапазон” газетінің тілшісі Гейст Юрий Викторович шақырылып, журналистика саласының қыр-сырымен бөлісті.
Кездесу барысында оқушылар журналист мамандығының ерекшеліктері, ақпарат жинау мен оны дұрыс жеткізу жолдары туралы тың мәліметтер алды. Сонымен қатар, қонақ өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп, болашақта осы саланы таңдауға қызығушылық танытқан оқушыларға пайдалы кеңестер берді.
Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасу алаңына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың кәсіби бағдарын қалыптастыруға үлкен әсер етеді.
