Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында 5-сынып оқушылары арасында дебат турнирі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларға адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік туралы түсінік беру, сондай-ақ сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, дәлел келтіру, қарсы тараптың пікіріне жауап беру секілді дағдыларын шыңдады.
Турнир соңында белсенді қатысушылар марапатталды. Ұйымдастырушы: “Адал ұрпақ” клубының жетекшісі Мухамбетьярова А.Е.