2025 жылғы 28 қараша күні мектебімізде 9–11-сынып оқушыларының қатысуымен «Брейн-ринг» интеллектуалдық ойыны өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың білімін, логикалық ойлау қабілетін және жылдам реакциясын қызықты физикалық сұрақтар мен тапсырмалар арқылы тексеру.
Қатысушы командалар:
«Электриктер» (9–10 сыныптар)
«Экса-Алдас» (10–11 сыныптар)
Ойын барысында командалар физика пәні бойынша сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырмаларды орындады.
Әр дұрыс жауап ұпай әкеліп отырды.
Сайыс нәтижесінде ең көп ұпай жинаған «Электриктер» командасы жеңімпаз атанды.
Ойын төмендегі кезеңдерден тұрды:
«Разминка» кезеңі
«Өз ойының»
«Электр тізбегін құрастыр»
Капитандар сайысы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздары табысталып, тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар: физика пәнінің мұғалімдері Айтжанова А.Н., Қазбаев Д.Н., Рахимов А.А.
Ойын тартысты, қызықты әрі өте әсерлі өтті! Екі команда да жоғары дайындық, білімділік және командалық бірлікті көрсетті.
