Болашаққа ұмтылу: Балаңызға өз әлеуетіне жетуге қалай көмектесуге болады

№27 орта мектеп-лицейінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналарымен “Болашаққа ұмтылу: Балаңызға өз әлеуетіне жетуге қалай көмектесуге болады” тақырыбында жиналыс өткізілді.

Жиналыстың мақсаты – ата-аналарға балаларын қолдау жолдарын, олардың қабілеттерін дамыту және болашақ мамандық таңдауға бағыттау бойынша ақпарат беру, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту болды.
Ұйымдастырушы: Нуртигенова Г.А.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ