Болашақ кітапханасы қандай болмақ?

Кітапхана іс-шарасы

Біздің 8 «Б» сыныбының оқушылары заманауи кітапхана – технология мен жайлылық үйлесім тапқан ең керемет кеңістік екенін дәлелдеді. Оқушылар екі топқа бөлініп, өздері армандаған кітапхананың жобасын үлкен қағазға салып көрсетті. Әр топ өзіндік ерекше тұжырымдама ұсынды: 🔰1-топ жоғары технологиялық мүмкіндіктер мен цифрландыруға баса назар аударса, 🔰2-топ жайлылық пен адамдар арасындағы тікелей қарым-қатынасқа негізделген кеңістік жасады.
Нәтижесінде тамаша формула қалыптасты: заманауи кітапхана – цифрлық жетістіктер оқу процесіне септігін тигізетін, ал атмосферасы қарым-қатынас пен шығармашылыққа шабыттандыратын орын.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ