Бүгін 31 қазан күні №27 орта мектеп-лицейінде «Білім берудегі жаңа бағыттар: жасанды интеллект, кәсіби бағдар және мұғалім беделі» тақырыбында №2 ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
Жасанды интеллект – заманауи мұғалімнің кәсіби өміріндегі маңызды құрал.
«Тіл пәндерінде ЖИ қолдану арқылы оқу дағдыларын дамыту» тақырыбындағы коучинг.
«Жылдың үздік мұғалімі – 2026» байқауының ережесін бекіту.
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының пәндік олимпиадаларының қорытындылары (мектепішілік, қалалық, қашықтық форматтар).
Кеңес барысында қазіргі білім беру үрдісінде жасанды интеллектіні қолдану бағытында Буркутова Л.Ж. тәжірибе жүзінде нәтижелі жұмыс көрсетті.
Сонымен қатар тәжірибелі мұғалім Ишеева Д.А. «Жылдың үздік мұғалімі» байқауын өткізу шарттары мен талаптары туралы өз ойымен бөлісті.
Қазақ тілі кафедрасының жас маманы Оңайбаева А.А. тіл сабақтарында жасанды интеллектіні тиімді қолдану тәжірибесін ұсынды.
Кеңес қорытындысы бойынша мұғалімдер ЖИ технологиясының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін терең меңгерді.
