Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары

Әкімшілік хаб

📚 Педагогикалық кеңес – 28.08.2025
Тақырыбы: «Білім беру ұйымының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары»
Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылына арналған педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1️⃣ Кеңесті ашу – Хамзина Г.М.
 1.1. Жаңадан келген педагогтармен танысу – Сейілхан Б.К.
2️⃣ Бейнеролик көру:
 – ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың 15.08.2025 ж. Тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі
 – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өзекті мәселелері – Қуандық Г.А.
3️⃣ Жаңа оқу жылындағы басымдықтар мен негізгі бағыттар:
 3.1. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы құжаттар – Қуандық Г.А.
 3.2. 2025–2026 оқу жылына арналған әдістемелік-нұсқау хат
 3.3. Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні этикалық қолдану жөніндегі құжаттар:
  – ҚР орта білім ұйымдарында ЖИ жүйелерін қолданудың этикалық стандарттары
  – 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің концептуалдық тәсілдері – Танатарова А.Х.
 3.4. Академиялық адалдықты сақтау ережелері – Сейілхан Б.К.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ