Білгірлер бәйгесі

Кітапхана іс-шарасы

🧠✨ «БІЛГІРЛЕР БӘЙГЕСІ» — білім мен тапқырлық додасы! 📚🏆
Мектебімізде 5–6-сынып оқушылары арасында «Білгірлер бәйгесі» атты интеллектуалдық ойын өткізілді. 🎓
Зияткерлік сайысқа төрт команда — «Тапқырлар», «Зерделілер», «Алғырлар» және «Білімпаздар» қатысып, өз білімдері мен ой ұшқырлықтарын ортаға салды.
🔹 І тур – «Сөзді тап» (анаграмма шешу)
🔹 ІІ тур – «Кім? Не? Қай шығарма?» (тест сұрақтарына жауап беру)
🔹 ІІІ тур – «Кім жылдам?» (жылдамдық пен білімді сынау)
🔹 IV тур – «Жұмбақтар әлемі» (жұмбақ шешу)
🎯 Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып, білімдерін, тапқырлықтарын және шапшаңдықтарын көрсетті. Жарыс қызықты әрі тартысты өтті!
🏅 Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ «Зерек команда» номинациясымен марапатталды.
🌟 Білімге құштар жас ұрпақтың алар асуы биік болсын! Барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 💐👏

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ