Бейнелеу еңбегі

Бүгін 11.04.2025ж. мектебімізде Ақтөбе облысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесе отырып, «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жобалау-зерттеу қызметін дәстүрлі ұлттық өнер арқылы, оқушы мен мұғалімнің бірлескен шығармашылығы негізінде, мектеп бағдарламасы аясында ұйымдастыру. Пәнаралық ықпалдастық арқылы көркем еңбек пәнін ұлттық сәндік-қолданбалы өнермен ұштастыра отырып ,бірлескен шығармашылық негізінде дамыту» тақырыбында көркем еңбек пәні бойынша педагог-модератор Д.А.Қазиеваның шебер-сыныбы өткізілді. Шебер сыныпқа облыстық білім басқармасына қарасты мектептердің көркем еңбек пәнінің мұғалімдері қатыстырылды. Шебер -сынып барысында қолданбалы өнер пәндері әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері О.С.Пичкурова, Н.С.Жумабаева, Л.К.Князбаева қатысушыларды 4 топқа бөліп, «Мандала-әшекей жасау», «Жүнмен сурет салу –ұлттық мотивтер( интеграция әдебиет – «Жыл мезгілдері»)», «Жыл мезгілдері» фатин матадан түйреуіштер жасау, «Тұмар жасау технологиясы » тақырыптарында жоба жұмыстарын жасатып қорғатты. Шебер-сыныптың жан-жақтан келген ұстаздарға берері мол болды, қатысушылар өз қоржындарын біліммен толтырып бара жатқандықтарын айтып, ұжымға алғыстарын білдірді.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ