Бастауыш сыныптарда ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында кеңес өткізілді

Инклюзивті оқыту

Бүгін, яғни 18 ақпан 2026 жылы мектебімізде бастауыш сыныптағы ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында кеңес өткізілді. Кеңес барысында оқушылардың танымдық даму деңгейі, оқу дағдыларының қалыптасуы, мінез-құлық ерекшеліктері және мектепке бейімделу барысы жан-жақты талқыланды. Мамандар әр оқушының жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, тиімді оқыту әдістерін қарастырды. Сонымен қатар, түзете-дамыту жұмыстарының бағыттары айқындалып, жеке қолдау көрсету жоспары құрылды.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ