Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы

Кітапхана іс-шарасы

«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» онкүндігі аясында кітапханамызда ерекше көрме — анықтамалық әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.
✨📚Сөздіктер мен энциклопедиялар оқу үдерісінде маңызды рөл атқарады: олар оқушылардың сөздік қорын кеңейтіп, білімін тереңдетуге және қажетті ақпаратқа жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осы және басқа да маңызды мәліметтер туралы алтыншы сынып оқушылары кітапхана қызметкерлері өткізген арнайы кітапхана сабағында танысты.
Кездесу барысында оқушылар энциклопедиялар, сөздіктер мен анықтамалықтар, олардың шығу тарихы мен қазіргі заманғы үлгілері жөнінде жан-жақты ақпарат алды. Презентация слайдтарын талдау кезінде олар сөздіктердің, энциклопедиялардың және анықтамалықтардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратып үйренді. Сонымен қатар, сөздіктердің мектеп бағдарламасын меңгеруде, ой-өрісті кеңейтуде және қажетті ақпаратты тиімді табудағы маңызы ерекше екеніне көз жеткізді.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ