Бүгін мектебімізде үйден білім алатын оқушылар Жаңа жыл мерекесімен құттықталып, оларға ерекше көңіл күй сыйланды. Аяз Ата мен Ақша қар балаларға жүрекжарды тілектерін айтып, жаңа жылдық көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар оқушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Абылғазина Жұлдыз оқушыларға сыйлықтар алып беріп, демеушілік көрсетті. Осы үшін өз тарапымыздан зор алғысымызды білдіреміз!
