Профориентациялық кездесу аясында институттың 2-курс курсанты Нуржанов Алишер Еркебуланулы оқушылармен кездесіп, әскери оқу орнына түсу талаптары, оқу процесі, курсанттардың күн тәртібі және әскери өмірдің ерекшеліктері туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында ол өз тәжірибесімен бөлісіп, Отан қорғау – үлкен жауапкершілік пен абырой екенін атап өтті. Сондай-ақ талапкерлерге қойылатын физикалық, психологиялық және білім деңгейіне қатысты талаптар түсіндірілді.
