№27 орта мектеп-лицейінде Қарттар күніне орай ардагер ұстаздарға арналған «Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет!» тақырыбында мерекелік концерт ұйымдастырылды. 💐
✨ Шара барысында ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетіліп, әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күй мен мың бұралған билер мерекенің сәнін келтірді. Оқушыларымыз бен мектеп ұжымы жүрекжарды тілектерін арнап, ақ тілектер мен алғыстарын жеткізді.
❤️ Ұрпақ тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!
