Мектебімізде ұлттық дәстүрді дәріптейтін Амал мерекесі ерекше көңіл күймен аталып өтті. Оқушылар мен ұстаздар бас қосып, «Бауырсақ пати» ұйымдастырылды. Шара барысында ұлттық тағамдар ұсынылып, оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы мағлұмат алды.
Мерекелік дастархан басында бауырсақтар ұсынылып, достық пен бірлікке толы атмосфера қалыптасты. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра түсті.
