Әліби Ыдырыс

Әкімшілік хаб

Жетістігімді еліме арнаймын!

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласы №27 орта мектеп-лицейінің оқушылары Қазақстанның танымал аралас жекпе-жек (MMA) шебері Әліби Ыдырыспен кездесті. Әліби Ыдырыс оқушыларға спорттағы жетістіктерін айтып, оның барлығы тынымсыз еңбекпен келіп жатқанын түсіндіріп, оқу-білімнің, тәрбиенің маңыздылығына тоқталды, мәнді, тағылымға толы кеңестерін айтты.

Құрметті, Ыдырыс Әліби!

Сізді жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мектеп ұжымы атынан зор алғысымызды білдіреміз!

Сіздің спорт саласындағы қажырлы еңбегіңіз бен жеңістеріңіз өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Сіз еліміздің намысын абыроймен қорғап қана қоймай, жас спортшылардың бойында патриотизм, тәртіп және табандылық қасиеттерін қалыптастырып жүрсіз.

Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат және алдағы жарыстарда жаңа биіктерді бағындыруыңызды тілейміз!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ