Әлеуметтік педагогтер үшін тиімді стратегиялар мен тәжірибелер…

31 қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектеп-лицейінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында, «Bilim Qazyna»КММ қолдауымен «Әлеуметтік педагогтер үшін тиімді стратегиялар мен тәжірибелер (әлеуметтік бейімделу, мектептегі тамақтану, кәсіптік бағдар беру, буллинг» тақырыбында әлеуметтік педагогтерге арналған облыстық семинар өтті.
Семинарды мектеп директоры Хамзина Г.М. ашып, әлеуметтік педагогтың жұмысының маңыздылығына тоқтала отырып, сәттілік тіледі.
«Bilim Qazyna»КММ әдіскері Кулжанова Р.Ж. семинар бойынша өзінің алғысөзін айтты.
Семинарда мектеп психологтары Литвиненко В.А., Бекбосынов А.С. қатысушыларға тренинг өткізді, «Буллинг және оны шешу жолдары» тақырыбында ой қозғап, түрлі жағдаяттарды талдады.
Мектептің әлеуметтік педагогы Мухамбетьярова А.Е. өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Арнайы санаттағы оқушылармен жұмыстануда қандай стратегиялар қолданатынын ортаға салды. Әлеуметтік бейімделудің маңыздылығына тоқталды. Мектепте дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудағы тәжірибесімен бөлісті.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Князбаеева Л.К. «Білім берудің бірінші сатысында кәсіптік бағдар беру мақсаттарын іске асыру» тақырыбында баяндама оқыды. Мектеп психологы Литвиненко В.А. тренинг арқылы кәсіптік бағдардың маңыздылығын көрсетті. Семинардың қорытындысында қатысушылар жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, кері байланыс жасады.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ