Бүгін, 26 желтоқсан күні, «№27 орта мектеп-лицейі» КММ-де қала мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдерімен «Ағылшын тілін оқытудағы цифрлық көмекші – жасанды интеллект / Цифровой помощник: ИИ на уроках английского» тақырыбында семинар өтті.
Мақсаты: ағылшын тілі мұғалімдерінің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
Семинарға «BILIM QAZINA» әдіскері Темирханова Р.Г. және Ақтөбе қаласының білім беру мекемелерінің педагогтері қатысты.
Сабақты мектеп директоры Г.М. Хамзина және Р.Г. Темирханова ашты.
🧠 Кіріспеде мектеп психологы В.А. Литвиненко қатысушыларға психологиялық ахуал құру үшін тренинг жүргізсе, кафедра жетекшісі Г.Б. Есенгарина пен ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.С. Серікбай «Ағылшын тілі кафедрасы – табысқа апарар құрал ретінде ағылшын тілін меңгерген команда» тақырыбында таныстыру өткізді.
Семинарда тілдің төрт дағдысы бойынша сабақтар көрсетілді:
• Ерназарова И.У. және Бекмұхан Д.Б. – 11 «в» сыныбында тыңдалым дағдыларын дамыту;
• Уксумбаева А.А. және Джубаниязова А.К. – 4 «Г» сыныбында оқу өнерін дамыту;
• Максат А.О. және Наурызбаева Г.Е. – сөйлеу дағдылары;
• Мактри И.В. және Алиманова Б.А. – жазу дағдылары.
Сонымен қатар, мектеп оқушыларының жасанды интеллект арқылы жасаған онлайн құттықтаулары ұсынылды.
Семинар жоғары деңгейде өтті, қатысушылар пікірі бойынша табысты, нәтижелі және жемісті болды.
