Әдеби калейдоскоп

Балалар кітабы апталығы аясында №27 орта мектеп – лицей кітапханасында бірқатар іс-шаралар өткізілді: «Әдеби калейдоскоп» интеллектуалдық викторинасы, әдеби кроссворд, «Оқып көр!Шешімін тауып көр!» әдеби-ойын бағдарламасы.
Бұл іс-шаралардың мақсаты: балалар кітаптарын дәріптеу және балалардың кітап оқуын насихаттау.
Оқушылар балалар кітабы апталығының шығу тарихы және атап өтілуі туралы танысты.
Іс-шараға қатысушылар викторинаға қатысып, сөзжұмбақ шешіп, шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің атын белсенді түрде тапты. Оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беруде орыс халықтық және әдеби ертегілерін жоғары деңгейде меңгергендерін көрсетті.
Мерекеде балалар кітапхананың бай кітап қорымен танысып, білім көкжиегін кеңейтіп, сиқырлы кітаптар әлеміне қызықты саяхат жасады!

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ