Заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесу

Құқық бұзушылықтың алдын алу

2026 жылғы «30» қыркүйек күні №27 орта мектеп-лицейінде білім алушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесуге мектептің білім алушылары қатысып, заң қызметкерлері тарапынан жасөспірімдер арасында кездесетін құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында киберқылмыстың және интернеттегі алаяқтықтың алдын алу, әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, жеке мәліметтерді бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз көшеде және қоғамдық орындарда жүруіне жол бермеу, қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндірілді.

Білім алушыларға буллинг, кибербуллинг және оның салдары, құрдастарына құрметпен қарау, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және қиын жағдайға тап болған жағдайда ата-анаға, сынып жетекшісіне немесе мектеп мамандарына жүгіну қажеттігі айтылды.

Кездесу барысында мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау, білім алушылардың құқықтары мен міндеттері, мектеп аумағындағы қауіпсіздік талаптарын орындау және тәртіп бұзушылыққа жол бермеу туралы ақпарат берілді.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ