2026 жылғы «01» қазан күні №27 орта мектеп-лицейінде педагог-ассистенттермен білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бала қауіпсіздігінің алдын алу мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында білім алушылардың мектептегі және мектептен тыс уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу, балалардың мінез-құлқын бақылау, мектепішілік тәртіп ережелерін сақтау және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет алгоритмдері түсіндірілді.
Сонымен қатар педагог-ассистенттерге білім алушылармен жұмыс барысында қауіпсіздік талаптарын сақтау, баланың жеке ерекшеліктерін ескеру, қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтап, мектеп әкімшілігіне хабарлау қажеттілігі айтылды.
Түсіндірме жұмыстарын директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сейілхан Б.К. және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Князбаева Л.К. жүргізді.
Жұмыс барысында педагог-ассистенттердің сұрақтарына жауап беріліп, бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер мен жауапкершіліктер түсіндірілді.
