Ұстаздар күніне орай мектебімізде ұлағатты ұстаздарға арналған «Ұлылықтың басында, ұстаз тұрар мәңгілік!» атты мерекелік концерт өтті. 🎉
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, жүректерге ізгілік ұялатып, болашаққа жол көрсететін ұлы тұлға. Осы мерекелік кеште оқушыларымыз ұстаздарға деген шынайы алғысын әнмен, бимен, жүрекжарды тілектермен жеткізді. 🌷
Әрбір өнер көрсетілімінде құрмет пен ризашылық, әрбір жылы сөзде ұстаз еңбегіне деген ерекше ықылас сезілді. ❤️
Қадірлі ұстаздар! Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігіне әрдайым қуана беріңіздер! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт пен толағай табыс тілейміз!
