Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгі ережелеріне» сәйкес «№27 орта мектеп лицейі» КММ 2026-2027 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің құрылуы және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдайтындығы туралы хабарлайды. Қабылдау мерзімі: 09.09 – 29.09.2026 ж.
«№27 орта мектеп лицейі» КММ қамқоршылық кеңесінің құрамына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдау Ақтөбе қаласы Ағ.Жұбановтар көшесі 273 А мекен-жайы бойынша жүргізіледі. Электронды мекен-жайы: email: aktschool-27@yandex.kz,¬ байланыс телефоны: 87132 730348
Қамқоршылық кеңес – заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган.
Қамқоршылық кеңестің мақсаты:
білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагог ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;
Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары:
әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;
тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу;
халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;
білім беру ұйымы жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.
Қамқоршылық кеңестің міндеттері:
Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;
Білім беру ұйымына педагог қызметкерлерінің және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;
Білім беру мекемесіне педагог және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;
Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;
Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (абаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);
Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу;
Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету. осы хабарлама деп жариялап бересізба попичелских раздел 2026-2027 оқу жылыдеп ашып
