Дұрыс тамақтану әдет-ғұрпын құру

Салауатты өмір салтын насихаттау

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сай “Дұрыс тамақтану әдет-ғұрпын құру” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында қазіргі кездегі үлкен мәселелердің бірі балалардың дұрыс тамақтану жолдары қарастырылды. Балаға арналған бір күндік мәзір құрастырылды. Сонымен қатар, дастарханда дұрыс отыру тәртібі, тамақтанудың үш негізгі қағидаты, балалардың тамақтануға қызығушылығын арттыру, қауіпсіз балалар тағамын таңдау, тағы да басқа тақырыптар жөнінде пікірлер айтылып, ойлар қорытылды.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар бастауыш сынып мұғалімдері Суйеубаева Ж. Ж, Онайбаева Н.Ж

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ