23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай мектебімізде сынып сағаттары ұйымдастырылып өтті. Шараның басты мақсаты – оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани құндылықтарды насихаттау және әдебиетке деген құрметті қалыптастыру.
Сынып сағаттары барысында оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, сүйікті шығармалары мен кейіпкерлерін таныстырды. Сонымен қатар, түрлі танымдық тапсырмалар, пікірталастар мен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытты.


