Цифрлық заманда оқушы тұлғасын қалыптастырудағы сынып жетекшінің рөлі мен медиа құралдарының ықпалы

Семинарлар

28 сәуір күні «Цифрлық заманда оқушы тұлғасын қалыптастырудағы сынып жетекшінің рөлі мен медиа құралдарының ықпалы» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – цифрлық орта жағдайында оқушы тұлғасын қалыптастыруда сынып жетекшінің рөлін айқындау, медиа құралдарды тиімді қолдану тәжірибелерімен алмасу және заманауи білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелерді талқылау болды.
Семинарға Астана ауданына қарасты мектептердің сынып жетекшілері қатысты. Іс-шара барысында мектебіміздің сынып жетекшілері өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, тәрбие жұмысындағы тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, жаңа идеялар мен ұсыныстарға қанықты. Семинар жоғары деңгейде өтіп, өз мақсатына жетті.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ