27 орта мектеп-лицейінде ағымдағы жылдың 14 сәуір күні Ұлттық кітап күні мерекесіне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты онкүндік жоспары аясында мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара «Шығармашылық интеллигенция – Қазақстан балаларына» тақырыбында өтіп, оған қаламыздағы көркемсурет лицейінің білікті оқытушысы Жулкерова Гульназ Шамильевна арнайы шақырылды.
Шеберлік сағаты барысында ұстаз оқушыларды ұлттық өнеріміздің асыл мұраларының бірі – киіз басу өнерімен таныстырды. Ол киіздің жасалу технологиясы, оның тұрмыстағы және заманауи өнердегі орны мен маңызы туралы қызықты мәліметтер беріп, өз тәжірибесімен бөлісті. Теориялық бөлім практикалық жұмыстармен ұштасып, оқушылар жүннен түрлі бұйымдар жасап көру арқылы өз қабілеттерін шыңдады.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Шығармашылық атмосферада өткен бұл шеберлік сағаты оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, өнерге деген сүйіспеншілігін оятты.
Бұл іс-шара оқушылардың рухани дамуына оң ықпал етіп, ұлттық өнерді құрметтеуге, шығармашылық ойлауын дамытуға бағыт берді. Осындай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың бойында мәдениетке деген қызығушылықты қалыптастырып, олардың тұлғалық дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз.
