Хабарландыру! 16.04.2026

Жаңалықтар

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА❗️

№27 орта мектеп-лицейі әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңіне қатысты маңызды ескертулерді хабарлайды:

  • Мұғалімдерге сыйлық беру, ақша жинауға тыйым салынады 🚫
  • Аниматорлар мен агенттіктерді шақыруға болмайды 🎭❌
  • Мектеп қажеттіліктеріне ақша жинауға рұқсат етілмейді 💸🚫
  • Автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орындарына баруға болмайды 🚗❌
  • Мерекелік дастархан ұйымдастыруға тыйым салынады 🍽️🚫
  • Оқушылар мектеп формасын сақтап, тәртіпті болуы міндетті 👔📘

Бұл талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына ортақ.

Түсіністік танытып, талаптарды сақтауларыңызды сұраймыз 🤝

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ