2026 жылдың 17 сәуірінде «№27 мектеп-лицейі» КММде «Қазіргі физика сабағы: инновациялар мен тәжірибенің үндестігі» тақырыбында физика пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өткізілді. Семинарға еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас физика мұғалімдері қатысып, өз білімдері мен тәжірибелерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Іс-шара барысында «BILIM QAZINA» әдіскері Нағымедулла Еркебулан Нағымедуллаұлы, мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары А.Х.Танатарова мен мектептегі МИФ пәндік бірлестігінің жетекшісі Ж.А.Дисмурзова семинардың маңыздылығына тоқталып, жас ұстаздарға сәттілік тіледі.Тренинг бөлімінде информатика пәні мұғалімі Д.А.Зеріпбаева семинарға қатысушылардың бір-бірімен жақынырақ танысып, белсенді орта қалыптастыруына ықпал жасады. Семинардың теориялық бөлімінде физика пәні мұғалімі А.Н. Айтжанова «Заманауи физика сабағындағы инновациялар мен тәжірибенің үйлесімі» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, жаңа әдіс-тәсілдерді ұсынды. Практикалық бөлімде физика пәні мұғалімі А.Н. Айтжанова 9 «В» сыныбында «Резерфорд тәжірибесі. Атом құрылысы» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістер көрсетті. Сондай-ақ физика пәні мұғалімдері А.А. Рахимов «Виртуалды зертханалар мен симуляцияларды қолдану арқылы күрделі физикалық заңдарды түсіндіру» жолдарын көрсетті; Д.Н.Казбаев «Олимпиадалық есептерді шешудің тиімді стратегиялары» туралы іс-тәжірибесімен бөлісіп, мұғалімдерге нақты әдістемелік көмек берді.Семинар соңында информатика пәні мұғалімі А.Р,Алдрапеков қатысушылардың семинар туралы пікірлерін білу мақсатында «Padlet» арқылы өткізілген сабақтар мен ұсынылған әдістерге рефлексия жасады. Жас мұғалімдер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі ұстаздардан құнды кеңестер алды. Бұл семинар – мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасудың, кәсіби дамудың және заманауи білім беру үрдісін жетілдірудің жарқын үлгісі болды.
