Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі

Кітапхана іс-шарасы

Ұлттық кітап күні аясында кітапханамызда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – бүлдіршіндерді әдебиет әлемімен қызықты әрі әсерлі түрде таныстыру болды.
Экскурсия барысында кітапханашылар балаларға кітаптың тек оқу құралы ғана емес, сонымен қатар қиялға қанат бітіретін, жаңа әлемдерге жетелейтін ерекше құндылық екенін түсіндірді. Көптеген балалар үшін бұл сапар шынайы жаңалыққа толы болды.
Іс-шара аясында ұйымдастырылған «Қызықты кітаптар ғаламы» атты көрме кішкентай қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Балалар заманауи кітаптардың жарқын иллюстрацияларын, түрлі-түсті безендірілуін тамашалап, кітаптарға деген қызығушылықтарын арттырды.Экскурсия соңында балалардың қуанышты жүздері мен кітап оқуға деген ынтасы іс-шараның жоғары деңгейде өткенінің айқын дәлелі болды.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ