Сүйікті кітаптардың мейірімді әлемі

Кітапхана іс-шарасы

Халықаралық балалар кітабы күні аясында кітапханада «Сүйікті кітаптардың мейірімді әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды — бұл ертегілердің, повестер мен әңгімелердің қызықты әрі тағылымды әлеміне жарқын саяхат болды. Көрмеде бірнеше ұрпақ сүйіп оқыған кітаптар ұсынылды: ертегілерден бастап табиғат пен шытырман оқиғалар туралы әңгімелерге дейін. Кітапханашы кітап көрмесі жанында әдебиеттерге шолу жасады. Балалар «Ертегілерді еске түсір», «Кім кімге жұп» атты викториналарға белсенді қатысты. Сондай-ақ, балалар өздерінің ең сүйікті кітаптары туралы әсерлерімен бөлісті.
Кітап оқу — билетсіз-ақ шығуға болатын жалғыз саяхат, оған тек қиял қажет.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ