6-сынып оқушыларымен «Теріс әдеттердің зияны және мен болашақты қалай көремін» тақырыбында түсіндіру сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға зиянды әдеттердің адам денсаулығына, мінез-құлқына және болашағына тигізетін кері әсерін түсіндіру, сондай-ақ олардың саналы түрде дұрыс таңдау жасауына бағыт беру болды.
Сабақ барысында оқушылар теріс әдеттердің түрлерімен танысып, олардың зияны туралы мысалдар арқылы талқылады. Сонымен қатар, «Менің болашағым» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, армандары мен мақсаттарын бөлісті.
