Мектебімізде мұғалімдер мен оқушылар арасында тартысты әрі қызықты волейбол жарысы өтті. Ойын барысында командалар өз шеберліктерін, ұйымшылдығын және спортқа деген құлшыныстарын көрсетті. Көрермендерге ерекше әсер сыйлаған бұл жарыс достық пен бірліктің жарқын үлгісі болды.
🥇 І орын – Мұғалімдер командасы
🥈 ІІ орын – 10 «А» сынып командасы
🥉 ІІІ орын – 11 «А» сынып командасы
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Спорт – денсаулық кепілі, ал бірлік – жеңіс кепілі!
