№27 орта мектеп-лицейінде білім алушылармен кездесу өтті. Кездесуге Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының теолог маманы А.Ғ. Болатұлы және психолог А.Д. Сисембаевич қатысты.
Кездесу барысында оқушыларға дін саласындағы дұрыс түсінік қалыптастыру, жат діни ағымдардың алдын алу, сондай-ақ жастардың психологиялық тұрақтылығын нығайту мәселелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мамандар білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестер берді.
Іс-шараның мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыру.
