Қарттар үйі

Жасұлан

№27 орта мектеп-лицейінің білім алушылары, «Қамқор» және «Шабыт» клубтарының мүшелері қарттарға құрмет көрсету, олардың көңіл-күйін көтеру және рухани қолдау мақсатында қарттар үйіне концерттік бағдарламамен барды.
Іс-шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, жүрекке жылы тиетін өлең жолдарын оқыды. Сонымен қатар, қарттарға арналған шағын көріністер қойылып, ізгі тілектер айтылды. Концерттік бағдарлама ерекше ықыласпен қабылданып, қариялар өз ризашылықтарын білдірді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың бойында мейірімділік, қамқорлық, үлкенге құрмет көрсету сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Қарттар мен оқушылар арасындағы жылы жүздесу – ұрпақтар сабақтастығының жарқын көрінісі болды.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ