Бракераж комиссиясы

Мектеп асханасының жаңа оқу жылына дайындығын тексеру

2026–2027 жаңа оқу жылының басталуына байланысты мектеп асханасының оқу жылына дайындығын тексеру мақсатында бракераж комиссиясының мүшелері асханада бақылау жұмысын жүргізді.

Бақылау барысында асханадағы ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігі мен тазалығы, қажетті құжаттардың толықтығы, асхана бөлмелерінің санитарлық жағдайы және санитариялық талаптарға сәйкестігі қаралды.

Комиссия мүшелері асхананың оқушыларға сапалы әрі қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыруға дайындығына назар аударып, анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар берді.

Мектеп жанындағы жазғы лагерьдің ашылуына байланысты мектеп асханасындағы тамақтандыру жұмыстарының ұйымдастырылуына бақылау жүргізілді. Тексеру барысында асхананың санитарлық жағдайы, азық-түліктің сапасы және тағамдардың дайындалу барысы қаралды. Асханада оқушыларға бекітілген мәзірге сәйкес ыстық әрі сапалы тағамдар ұсынылуда. Тамақтандыру талапқа сай ұйымдастырылуда

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ