Сенім көпірі

Жасұлан

«Сенім көпірі» – директор мен оқушы арасындағы түсіністікті нығайту

Мектебімізде «Сенім көпірі» атты ашық кездесу өтті. Кездесу барысында «Жасұлан» ұйымы мен Мектеп парламентінің мүшелері мектеп директорымен еркін форматта сұхбат құрып, өз ойларын ортаға салды.

Жиында оқушылар мектеп өміріне қатысты ұсыныстарын айтып, өзекті мәселелерді талқылады. Ал директор тарапынан қолдау, бағыт-бағдар және нақты жауаптар берілді.

Мұндай кездесулер оқушы мен мектеп әкімшілігі арасындағы сенімді арттырып, өзара құрмет пен түсіністікті нығайтады. «Сенім көпірі» – ашық диалог алаңы ғана емес, бірлік пен ынтымақтастықтың жарқын көрінісі.

"№27 орта мектеп-лицейі" КММ