№27 орта мектеп-лицейінде сабаққа жиі кешігетін білім алушылар мен олардың ата-аналарымен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты – оқушылардың сабаққа уақытылы қатысуын қамтамасыз ету, кешігудің себептерін анықтау және оның алдын алу жолдарын қарастыру.
Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі тарапынан сабаққа кешігудің білім сапасына, тәртіпке және жалпы оқу үлгеріміне кері әсері түсіндірілді. Сонымен қатар, ішкі тәртіп ережелері мен ата-аналардың жауапкершілігі туралы айтылды.
Ата-аналармен жеке түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әр оқушының кешігу себептері талқыланды. Оқушыларға уақытты тиімді жоспарлау, күн тәртібін сақтау және жауапкершілікті арттыру жөнінде кеңестер берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша ата-аналар тарапынан бақылауды күшейту, ал мектеп тарапынан мониторинг жұмыстарын жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Мұндай кездесулер білім алушылардың тәртіп деңгейін көтеруге және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

